Өскемен қаласындағы қай мектептер жаңа оқу жылына дайын?
AMANAT партиясы қаладағы бірқатар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес Өскемен қаласындағы бірнеше мектпке көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектеп формасымен, аяқ киіммен, оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына байланысты мониторинг жасалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Біз мониторинг жасаған Өскемен қаласындағы №49, №48, №46, №6 мектептер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсету шеңберінде 1500-ден астам оқушы тегін мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етілетіндігі анықталды. Мемелекеттік қазынадан бөлінетін қаржыға сатып алынатын мектеп формаларының сапасына қатысты сұрақтар да туындауда. Әр мектептердігі формалардың сапасы әр түрлі. Мониторинг барысында ата-аналар тарапынан да мектеп формасының сапасына және аяқ киімдердің балалардың өлшеміне сай келмеуіне байланысты мәселелер көтерілуде. Мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасатын болады, - деп атап өтті AMANAT партиясы ШҚО филиалы атқарушы хатшысының м.а. Айгул Байжанова.
Тамыз айының 25-іне дейін қаладағы барлық мектептерде тегін мектеп формасымен және оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталатын болады. Мониторинг жүргізілген мектептер 2022-2023 оқу жылына толықтай дайын екендігі анықталды. Мектепте қажетті әрлеу және жөндеу жұмыстары жүргізілген.