Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

«Сергек-Қорғау» қосымшасының арқасында 9 млн теңге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Усть-Каменогорск и ВКО / «Сергек-Қорғау»  қосымшасының арқасында 9 млн теңге айыппұл салынды

Шараның мақсаты көліктегі жазатайым оқиғалардың деңгейін және жол-көлік оқиғаларының салдарларының ауырлығын төмендету болып табылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Шара аясында жол қозғалысын қадағалау және жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау жұмыстары күшейтілді. 

Ағымдағы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша облыс аумағында 240 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 24 адам қаза тауып, 330-ы әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған. Облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 11500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған. Масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 78 жүргізуші ұсталды, жаяу жүргіншілер қозғалысына мүмкіндік бермегені үшін 815 әкімшілік хаттама толтырылды, 181 көлікті пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 158 көлік мамандандырылған тұраққа орналастырылды, - деп тап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ басшысы Талғат Нұриев

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылған «Сергек-Қорғау» қосымшасының арқасында жол қозғалысы ережелерін тұрақты бұзушылар анықталуда. Мәселен, Өскемен қаласының аумағында «Сергек-Қорғау» қосымшасын пайдалана отырып 139 көлік ұсталды, олардың 415 жол қозғалыс ережесін бұзу фактісі тіркелді. Заң аясында олар 9 млн теңгеге жуық сомада айыппұл төлеуі қажет.

ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады, сондай-ақ жолдарда өзара сыпайы болуды еске салады. Уақытты үнемдеуге тырысқан жол қозғалысы қатысушылары өздеріне ғана емес, айналадағы азаматтарға да қауіп төндіреді.

Следующая →