ШҚО-да денсаулыққа зиян өнімдер анықталды
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті ШҚО-дағы азық-түлік емес тауарларға жүргізілген мониторинг қорытындысын жариялады
2022 жылдың 1-жартыжылдығында өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде азық-түлік емес тауарлардың 529 сынамасы алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Сәйкес келмейтіндер саны 29% немесе 156 сынаманы құрады, оның ішінде: ҚР – 4 (2,5%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 15 (9,6%), басқа елдерден әкелінетін сынамалар – 137 (87,8%).
Халық тұтынатын тауарлардың ішінде сәйкес келмейтін сынамалардың ең көп пайызы анықталды: жеңіл өнеркәсіп өнімдері (киім, аяқ киім) – 65,4%, ойыншықтар – 57,9%, орама, бумалар – 33,3%, баспа өнімдері және жеке қорғаныш құралдары – 20%. Сәйкессіздіктердің ең аз пайызы: балаларға арналған тауарлар – 5,8%, синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары – 6,6% полимерлік және өзге де құрылыс материалдары – 4,7%, парфюмерлік-косметикалық өнімдер – 1,4%", - делінген санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитетінің ақпаратында.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында 68 ұйғарым берілді.
Ойыншықтардың 107 сынамасы зерттелді, оның 62 сынамасы (57,9%) таңбалау жөніндегі нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келмеді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 33 ұйғарым берілді.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардан 34 сынама зерттелді, оның ішінде 2 сынама таңбалау бойынша сәйкес келмеді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 2 ұйғарым берілді.
Парфюмерлік-косметикалық өнімнің 68 сынамасы зерттелді, РФ «Parli Cosmetics» сериясының денеге арналған ылғалдандырушы парфюм-спрейінің 1 сынамасы таңбалау бойынша сәйкес келмеді. 1 ұйғарым берілді.
Тұрмыстық химия тауарларының 45 сынамасы зерттелді, 3 сынама сәйкес келмеді: таңбалау бойынша отандық өндірушінің шыны жуатын сұйықтығының 1 сынамасы және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2 сынамада («Alfa шыны жуатын сұйықтық-20С», дайындаушы «Бағашар Мекен» ЖШС, «қысқы шыны жуатын сұйықтық-15С дейін») метанол құрамы мөлшерден көп, сәйкестікті растайтын құжаттардың күшін жоюға арналған материалдар ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жолданды.
Жеңіл өнеркәсіп өнімінің 107 сынамасы зерттелді, оның 70 (65,4%) сынамасы таңбалау бойынша Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкес келмеді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 42 ұйғарым берілді.
Жеке қорғану құралдарынан 10 сынама алынды, оның ішінде 2 (20%) сынама таңбалау бойынша сәйкес келмейді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 2 ұйғарым берілді.
Қаптама, тамақ өнімдерімен жанасатын материалдардың 39 сынамасы зерттелді, оның ішінде 13 сынама (33,3%) таңбалау бойынша сәйкес келмеді. Барлық сәйкес келмейтін сынамалар бойынша 12 ұйғарым берілді.
Тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын Комитет сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/projects/details/1574?lang=kk ҚР аумағында өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі» орналастырылады.
Сондай-ақ, бұл тізілім Wipon мобильді қосымшасында ұсынылған, онда өнім туралы ақпарат штрих-кодты сканерлегеннен кейін экранға шығады.
Өнімдер туралы ақпаратты алдын ала біле отырып, денсаулыққа зиян деп танылатын өнімнен бас тартып, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бар. Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда, жазбаша түрде Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе оның аумақтық басқармаларына жүгінуге болады.