Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Артиллеристер тактикалық іс-қимылды пысықтады

Аягөз гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында артиллериялық құраманың батареялары штаттық жауынгерлік техникаларымен  тактикалық оқу-жаттығу өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Артиллеристер тактикалық іс-қимылды пысықтады
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінен

Аталмыш оқу-жаттығу 2022 жылға арналған жазғы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, дабылмен көтерілген бөлім жеке құрамы, далалық оқу-жаттығу алаңына ұрыс машиналарымен марш жасап, әскери қызметшілер жауынгерлік іс-қимылдарға даярлықтарын шыңдады.

Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылармен марш жасау барысында жеке құрам шартты түрде уланған аймақтан өтіп, әскери техника ішінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс киімдерін кию нормативтерін орындап, әскери техниканы улы заттардан арылу шараларын ұйымдастырды. Сонымен қатар, барлау диверсиялық топтың шабуылдарына батыл тойтарыс берді.

Шара барысында жеке құрам оқ ату алаңына нормативтерге сай орналасып, түнгі және күндізгі жауынгерлік тапсырмаларын орындады. Шартты қарсылас тарапынан шабуылға шыққан танк және жаяу әскерін білікті барлаушылардың шеберлігімен анықтап, нақты координаттарын шығару арқылы штаттық снарядпен шартты жауды жойып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Білікті сержанттардың берген білімдері және офицерлердің сенімді шешіммен берілген бұйрықтарының арқасында, тактикалық оқу-жаттығуда артиллерияның нағыз мүмкіндігін практика жүзінде қолдануды үйрендік. Әрбір снаряд нысанаға дөп түсіп, жан-жағын шарпығанын көргенде артиллерияның жойқын күшін сезіндім. Оқу-жаттығу барысында әскери техниканы ұқыпты ұстау мен берілген бұйрықты уақытында орындау – жеңіске жетелейтін бірден-бір жол екеніне көзім жетті, – деді аға көздеуші  қатардағы жауынгер Бауыржан Қожантаев.

Тактикалық оқу-жаттығу жауынгерлік оқу-жаттығудың жоғарғы шыңы екенін айта кеткен жөн. Бұл жерде әр әскери маман, жауынгерлік сабақтан алған білімін бір ғана мақсатта  қолданып, батарея  тапсырмасын орындау үшін кешенді түрде бір бағытта іс-қимыл жасап үйренеді. Бұл артиллерия әскери бөлімінің жеке құрамы үшін үлкен тәжірибе.

Следующая →