Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Ұлан ауданына доңыз фермасы салына ма?

Ауыл маңында талпақ танау өсіруге біреулер қарсы болса, енді бірі тозығы жетіп тұрған ауылға инвестиция құйылады деп жұбануда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО Ұлан ауданына доңыз фермасы салына ма?
Фото:
редакция мұрағатынан

Ұлан ауданындағы Борсақ ауылы маңынан доңыз өсіретін кешен салынбақ. Ұлан ауданы әкімдігінің өкілдері осы мәселе бойынша тұрғындармен бірнеше рет кездесу өткізген. Алайда жергілікті халықтың көбі шошқа фермасына наразы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары бірнеше жүз мың талпақ танау өсіретін кешен салынса, жер -су, ауа ластана ма, деп үрейленіп отыр.

Біздің жерімізді, суымызыды бұлығайды да кетеді. Біреуі бір келіп қи тастайтын болса, пәленбай тонна қи тастайды. Оны қайда жібересің, фабриканың қасынан өтеміз. Сасық әзер өтеміз, - дейді Ұлан ауданының тұрғыны Марат Кәметжанов.

Ал ферма салуды көздеген жерді әкімдік шаруашылық иесінен 80 гектар жерін алып алған.

Аудан әкімі шақырып алды. Содан кейін түсіндіріп айтты. Шошқа фермасын саламыз деп. Мен айттым жерді бермеймін деп. Жер өзіме керек. Анау жер шабындық. Бермесең де, берсең де саламыз ол жерге, деді. Алып қойды. Картамен сызып алды. Сол жерде жер қатынастарының өкілдері отырды, - дейді шаруашылық жетекшісі Мырзахан Сүлейменов.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарына жобаның экономикалық тиімділігін айтып, барлық экологиялық талапқа сай келетін түсіндіруге тырысты.

Енді былтырғы шілдеден бастап, жаңа экологиялық кодекс күшіне енген. Қазір ең бірінші жобалық құжатнама әзірленуде. Табиғатқа зиянын келтіріп отырған жоқ. Одан қорқатын ештеңе жоқ, - дейді Ұлан ауданының әкімі Ринат Құрмамбаев.

Инвесторлардың сөзіне сенсек, Орталық Азияда мұндай кешен жоқ. Бұл орын толығымен жабық болады. Лас қалдықтың бәрі сол жерде өңделіп, тыңайтқыш ретінде шаруаларға берілмек. Жоба жүзеге асса, 2 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасады.

Кешеннің өзі елдімекеннен 3-5 шақырым алыста салынады. Арнайы санитарлық аймақ болып есетпеледі. Толық қоршалады. Ең негізгі экономикалық тиімділігінде. Тек бір кешеннен жылына ауданға 20 миллион салық түседі, - деп сендірді жоба жетекшісі Андрей Чистюхин.

Тұрғындар қоғамдық тыңдауда бұл жобаға қарсы екенін ашық айтты. Есесіне мал бордақылау кешені салынса, қолдайтындарын жеткізді.

Следующая →