ШҚО-да зейнетақы жасына дейінгі 287 адам жұмысқа орналасады
ШҚО-да "Күміс жас" жобасы аясында 10 қария жұмысқа орналасып үлгерген
Ағымдағы жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде құрылатын субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Кайргазинов мәлімдеді.
Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында 29 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Биыл лайықты демалыстарына екі жыл қалған зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдардың қажетті жинақ сомасын жинақатау үшін, «Күміс жас» жобасы енгізілді. Осы бағдарлама бойынша ағымдағы жылы 287 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 10 адам жұмысқа орналасты, - деді Досхан Кайргазинов.
Басқарма басшысының орынбасары хабарлағандай, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жобалардың ұзақтығы – "Жастар тәжірибесі" 6 айдан 12 айға дейін, "Бірінші жұмыс орны" 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, осы жобаларға қатысушыларға мемлекеттік бюджеттен субсидиялар есебінен төленетін жалақы мөлшері едәуір артты: "Жастар практикасы" жобасы бойынша 76 мың 575 теңгеден 91 мың 890 теңгеге дейін, "Бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша – 61 мың 260 теңгеден. 91 мың 890 тг дейін, - деп атап өтті спикер.
Брифинг соңында Досхан Кайргазинов "Бірінші жұмыс орны" жобасының қатысушылары 29 жастан аспаған азаматтар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар екенін айтты.