ШҚО-да биыл жалпы 260 тонна пішен өртенген
Шығыс Қазақстан облысында биылғы өрт қаупі жоғарғы кезең басталғалы бері 18 рет жалын шығып, 260 тонна пішен жанып кеткен
Тілсіз жау ірі жем-шөп жиналатын ашық аумақта да, шабындықтарда да шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVЕ сайты ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соңғы өрттер Ұлан, Күршім, Тарбағатай аудандарында тіркелген.
Шабындықтарда өрт шығуының негізгі себептері – отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Құтқарушылардың айтуынша, облыс аумағында пішен өрті жиі тіркеліп жатыр. От малға тез таралады.
Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіліп, үгіт-насихат материалдары таратылуда. Халықты қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс, - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.