Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Красин кентіндегі жұмыстарға қосымша 180 млн теңге бөлінді

Биыл су құбырларын қайта құру бойынша жобаға кіретін қаражаттан бөлек, көшелерді асфальттауға қосымша қаражат бөлінген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Красин кентіндегі жұмыстарға қосымша 180 млн теңге бөлінді
Фото:
редакция мұрағатынан

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Красин кентінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өткен жолғы кездесу кезінде уәде еткенімдей, кеше біз тағы бір мәрте кездесіп, межеленген жұмыстардың қалай жалғасып жатқанын талқыладық, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Осы жылы біз су құбырларын қайта құру бойынша жобаға кіретін қаражаттан бөлек көшелерді асфальттауға қосымша қаражат бөліп отырмыз. Қосымша қаржыландыру аясында мұндай жұмыстармен ұзындығы 3,1 шақырым болатын 8 учаске қамтылады. Мердігер осы аптада анықталып, бірден жұмыстарды бастап кетеді.

Сондай-ақ, биыл кенттегі тағы 14 көшеге қиыршық тас төгу бойынша жұмыстарға қосымша 30 миллион теңге бөлінген. Үш көшедегі жұмыстар аяқталып қойды.

Красин кентіндегі көшелерді жарықтандыру бойынша негізгі жұмыстар 2021 жылы жүргізілген болатын. Ол кезде мұнда 665 жаңа жарық нүктесі орнатылған еді. Осы жылы тағы төрт учаскеде 39 жарық нүктесі орнатылмақ.

Жергілікті мектептің аумағында хоккей-футбол қорабы мен спорт алаңын орнату бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл жерді кент тұрғындары өздері таңдап алған. Нысан 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, - дейді шаһар басшысы.

Осылайша, 2022 жылы кенттегі жұмыстарды қосымша қаржыландыру көлемі 180 миллион теңгені құрап отыр.

Следующая →