Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО түрмесінде бесінші сәби дүниеге келді

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы қоныс колониясында 10-нан астам сотталған жұп отбасын құрып, 5 сәби дүниеге келді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО түрмесінде бесінші сәби дүниеге келді
Фото:
Polisia.kz сайтынан

Бұл жолы Виктор мен Еленаның отбасында кішкентай бүлдіршінмен толықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар екі жыл бұрын осы колонияда танысқан. Өткен жылдың соңында некелерін тіркеп, ерлі-зайыптылар болды. Енді олар ата-ана атанып, жанұялары сәби иісімен толықты.

Мен колонияда болсам да, бұл үлкен бақыт және тағдырдың сыйы. Менің босатылуыма дейін қызым бізбен бірге тұрады. Бұл жерде мен және менің балам үшін колония қызметкерлері барлық жағдайды жасады. 4 айдан кейін күйеуім екеумізді бостандық күтіп түр, – дейді Елена.

Мекеме қызметкері Арай Көшербаева атап өткендей, отбасы – түзелу жолына түсудегі негізгі фактор, өйткені сотталғандардың жауапкершілік пен сенімділік сезімі артады.

Жастарды отбасының толығуымен құттықтау үшін мекеме өкілдері жас ананы перзентханада гүл шоқтары мен шарлармен қарсы алды. Бұл мекеме әкімшілігі үшін қуанышты сәт. Отбасын құру және жазасын өтеп жатқан адамдар үшін балалардың тууы – одан әрі әлеуметтену үшін күшті ынталандыру. Ол үшін біз өз тарапымыздан барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, - деп қосты Арай Көшербаева.

Следующая →