Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Ауыл аманаты" жобасының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесуде

Мемлекет басшысы Тоқаевтың тапсырмаларын және "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының" кешенді жоспарын орындау мақсатында AMANAT партиясының жанынан "Ауыл аманаты" жобасы іске асырылуда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Ауыл аманаты" жобасының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесуде
Фото:
AMANAT партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі ұсынды

Жобаның шарттары - халыққа 2,5% мөлшерлемесінде несие беру арқылы ауылдық округтегі кәсіпкерлікті кешенді дамыту және оларға қызмет көрсететін сервистік-дайындау кооперативін құру.

"Ауыл аманаты" жобасының өкілдері ағымдағы жылдың 01 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарында болып ауыл тұрғындары арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай және Тарғын ауылдарының тұрғындарымен кездестік "Ауыл аманаты" жобасына қатысты тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі 2,5% мөлшерлемесінде несие алу бойынша кепілдікке қойылатын жылжымайтын мүлікке байланысты және шағын кооперация құру бойынша болды. Жалпы жобаның негізгі мақсатын - жан-жақты талдап түсінірген кезде тұрғындар қызығушылық танытып, өздерінің ұсыныстарын айтып ойларында жүрген идеяларымен бөліуде, - дейді "Ауыл аманаты" жобасына бойынша бизнес-тренера Жумагуль Макашева.

Еске салар болсақ, жобаның бірінші бөлігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын орындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі №218 қаулысымен бекітілген халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мақсатында AMANAT партиясының Саяси менеджмент академиясы 2022 жылғы 11-20 шілде аралығында ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқытуды ұйымдастырды. Оқуға Шығыс Қазақстан және Абай облысы бойынша 240 аулдық округтің әкімдері қатысты.

Следующая →