Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

«AMANAT» партиясының мүшелері қаланың сауда орындарындағы бағаның тұрақтылығы мен азық-түлік тапшылығын тексерді

Усть-Каменогорск и ВКО /  Өскеменде азық-түлік бағасына мониторинг жасалды

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен Өскемен қалалық филиалы жанынан құрылған қала бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді. 

Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық бақылау комиссисының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары бар. 

Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екенін анықталды. Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізілді, - дейді «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арайлым Есимбекова.

 Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Следующая →