Жаз басталағалы ШҚО-да 18 адам суға кеткен
Облысымыздың құтқарушылары суға түсу маусымы басталғалы 11 адамды суға батудан құтқарды
Жаз мезгілінің басынан бері өңірде қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда 18 адам суға кетті, оның ішінде 6 жаңдай Шығыс қазақстан облысында, 12 жағдай (оның ішінде 3 бала бар) Абай облысында.
Сондай-ақ, ШҚО ТЖД қызметкерлері 11 адамды құрады, оның ішінде 9 адам Шығыс Қазақстан облысында, 2 адам Абай облысында құтқарылды.
2 облыстың аумағында бірінші жағалау сызығында орналасқан 57 демалыс базасы бар (ШҚО-49, Абай облысы-8), барлық осы базаларда Акватория түбін тексеру және тазалау жүргізілді, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. 6 коммуналдық жағажай құрылды (ШҚО-5, Абай облысы-1), оларда түбін тексеру жүргізілді, ТЖ қызметінің мамандарымен 98 құтқарушы-жасақшылар оқытылды. 343 тыйым салу белгісі орнатылды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, құтқарушылар суға түсу кезіндегі бектілген талаптарды бұзған үшін 770 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзылған заңнамалардың қатарында: ортақ су пайдалану ережелерін бұзу, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болу, "су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау сынды баптар болды.
Айта кету керек, алдағы күндері өңірде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Сондықтан ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан демалыста қырағы болуды және судағы қауіпсіздік ережелерін ұмытпауды сұрайды.