Шығыс Қазақстан жасыл аймақта
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шығыс Қазақстан және Абай облыстары тұрақты түрде «жасыл» аймақта
01-27 шілде аралығында екі облыстың аумағында коронавирустық инфекцияның 517 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 497 клиникалық белгілері бар және 20 симптомсыз жағдай. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші – 38 құрап отыр. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 175 жағдай тіркелген (100 мың тұрғынға шаққанда 24,4 көрсеткіш), Абай облысында – 342 жағдай (100 мың тұрғынға шаққанда 53,7 көрсеткіш).
01-27 шілде аралығында Абай облысында (Семей қ.) COVID-19 белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы тіркелді. 2022 жылғы 27 шілдеде екі облыс аумағында COVID-19 белгілері бар пневмония жағдайлары тіркелген жоқ.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 7 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 67 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 1 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска кию ұсынылады.
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде.