Ашық есік күні: қатерлі ісіктің алдын алу үшін дәрігерге қаралыңыз
ШҚО Оноклогия және хирургия көпсалалы орталығы Ашық есік күніне шақырады
2022 жылы шілденің 30 күні, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының кез келген тұрғыны қатерлі ісіктің алдын алуға бағытталған тексерістен өте алады.
Бұл күні білікті мамандар лор органдарының, қалқанша безі, өкпе қатерлі ісігінің алдын алу үшін анализ алып, тексеру жүргізеді.
Емхана дәрігерінің жолдамасы қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келіңіз.
Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус (консультативтік-диагностикалық ғимарат).
Толығырақ ақпаратты +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45 нөмірлері арқылы біле аласыздар!