Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға жаңа ректор тағайындалды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға жаңа басшысыны бекітті

Усть-Каменогорск и ВКО /  Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға жаңа ректор тағайындалды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор лауазымына Рахметуллина Сәуле Жадігерқызы тағайындалды. 

Сәуле Рахметуллина техникалық ғылымдар кандидаты, «2014 жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері.

Ол 1991 жылы «Механика және қолданбалы математика» мамандығы бойынша Новосібір Мемлекеттік университетінің қолданбалы математика факультетін бітірді. 

2004 жылдан бастап ШҚМТУ аспирантурасында оқыды, бітірген соң «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді, кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 

2012 жылы математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды, Ситуациялық-талдамалық орталығын, Стратегиялық даму және мониторинг департаментін басқарды. 

Ол жоғары білім беру сапасын көтеруге бағытталған халықаралық жобаларға белсенді қатысады, «Quality of Engineering Education in Central Asia ТЕМПУС жобасының координаторы, «РIСТЕТ: EQF – based professional ICT training for Russia and Kazakhstan жобасы жұмыс тобының мүшесі болды, Назарбаев университетінде«Professional Development Program for Higher Education leaders of Kazakhstan» біліктілікті көтеру курсын өтті. 

2018-2021 жылдары, Томск политехникалық университетінде «Жоғары білім берудегі менеджмент» МВА мамандығын меңгерді. Бүгінгі таңда жоғары білімді ұйымдастыруда сарапшы саналады.

Следующая →