Өскеменде халал сертификаты жоқ "Halal Slice" пиццериясының салтанатты ашылуы болады
Пиццерияның ашылуына Алматы қаласынан жұлдыздар мен блогерлер қонаққа келеді
Ашылу салтанатына қолдау көрсету үшін Алматы қаласынан бір топ танымал жастар әртістері мен блогерлер келеді.
Олардың қатарында Erlan Primbetov (erlablac актері), Арнольд- ( шоумен, жүргізуші ARNAT UTEPBERGENOV, ОЙБОЙ), Sailandro – (Блогер, Сайлаубек Ерғазы), Медетжан, Асқар (URAZBAEV ASKAR), блогер Рысмад (Мадина Рыспамбет) , Әсел блоггер a(selmustafaeva), Курчатов (Евгений Курчатов, 6 млн жазылушы Тиктокта), Джуни (Көпжасаров Ілияс), Sixtyrich ( Диас - сиксти Ричи), Моляжан (Moldir Zhiyenbayev), Асия (ASI). Әртістерден Делакур мен Тедди Алиш өнер көрсетеді.
Пиццерияның ашылуына келгендерге 100 пицца тегін таратылады және 5 мың теңге сомасына 5 сертификат ойнатылады.
Айта кету керек, пиццерияның атауы "Halal Slice" болғанымен, ондағы тағамдардың халал сертификаты жоқ.
- Өскемен қаласындағы "Сити Фуд" фуд-кортындағы "Halal Slice" пиццериясынан бізге ешқандай өтініш түскен жоқ. Біз олардың өнімдерін халал немесе харам екендігіне тексерген жоқпыз. Бұл тамақтану орнында ҚМДБ-ның халал сертификаты жоқ, - деп атап өтті «Халал Даму» ЖШС ШҚО бойынша бақылаушысы Досжан Төлегетайұлы.