Ревакциянация неге маңызды?
Өскемен қаласының №1 емханасы-жанұялық денсаулық орталығының меңгерушісі, дәрігер Гүлнәзи Шәріпова ревакцинацияның маңыздылығы мен оның неліктен белгілі уақытта жүргізілетініне тоқталды
Үшінші вакцинация өзіңізді жаңа штамдардан қорғау үшін қандағы антиденелердің жеткілікті деңгейін дамытуға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе вакцинацияланғандардың коронавирусқа қарсы иммунитеті төмендейді.
Халықты ревакцинациялаудың арқасында коронавирусқа қатысты жағдай біршама реттелетін болады. Вакцинация ағзаның иммунитетін әлсіретеді деп алаңдаудың қажеті жоқ, бұл жаңсақ пікір, - деді дәрігер Гүлнәзи Шәріпова.
Сондай-ақ, Гүлнәзи Мырзақанқызы атап өткендей, вакцинациядан кейінгі иммунитет аурудан кейінгіге қарағанда әрқашан дерлік күшті. Әрине, вакцина алғандар Ковидке төтеп беруді жеңілдетеді, көп жағдайда олар ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация аурудың таралуын тоқтатады және осылайша иммунитеті әлсіз адамдарды (қарт адамдар, онкологиялық науқастар және денсаулығы нашар басқа адамдар) қорғайды.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні №1 емхана облыс орталығындағы 60 мыңға жуық тұрғындарға қызмет көрсетеді. Вакцина толығымен қолжетімді. Әуезов даңғылы, 18 мекенжайы бойынша орналасқан №1 емханаға бекітілген тұрғындар вакцинаны мекенжайы бойынша екпе кабинеттерінде ала алады. Ол үшін 318-кабинетке дүйсенбі-жұма аралығында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін баруға болады.