Өскеменде 7 адам қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін сотталды
Өскемен және Семей қалаларының соттарында жаппай тәртіпсіздіктердің 36 қатысушысына қатысты тағы 6 қылмыстық іс қаралуда
Өскемен қаласы сотының үкімімен 7 адам қаңтар оқиғаларына қатысқаны үшін сотталды. Олар осы жылдың 5-6 қаңтарында облыс орталығында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және шақырғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Барлық жеті адам қылмыс жасағаны үшін кінәсін мойындады. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот төрт айыпталушыға бір жыл алты ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, қалған үшеуі пробациялық бақылау белгілене отырып, төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз хатшысы Роза Бағланқызы.