Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қыстың қамын жазда ойла

Өңірлерде қысқа дайындық жұмыстары, отын-көмір сатып алу кезеңі басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Қыстың қамын жазда ойла

Барлық жергілікті әкімдіктер жылыту маусымына көмір сатып алу кезінде дүрлігуді болдырмау үшін ауыл тұрғындарын жылыту маусымына көмірді алдын ала сатып алуға шақырады. 

Ұлан ауданының әкімдігі тұрғындарды Өскемен қаласы, Базовая көшесі 5 мекен жайынан көмірді 11 600 теңгеге сатып ала алатындар ескертуде.

Шемонаихалықтар болса көмірді 12 200 теңгеге сатып ала алады. 

2022-2023 жылдары жылу беру маусымына дайындық мақсатында «Шемонаиха отыны» ЖШС тұрғындарға, ұйымдарға, заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге сату үшін «Қаражыра» АҚ разрезінен көмір жеткізуді тұрақты түрде жүзеге асырады. Күзгі кезеңде көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында алдағы жылыту кезеңіне көмірді алдын ала дайындауыңызды сұраймыз, - дейді жергілікті әкімдікте.

 Қатты отынды сатып алу мәселелері жөнінде Шемонаиха қ. Строительная көшесі 1/1 мекенжайында орналасқан «Шемонаиха отаны» ЖШС хабарласуға болады, телефоны: 9 15 44. 

Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету Зайсан ауданында басталды. Себебі орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған елдімекендердің тұрғындары қатты отынмен қамтамасыз етілуі тиіс. 

Өткен жылы Зайсан ауданындағы «Сайқан» мекемесінде туындаған әртүрлі мәселелерге байланысты көмір сапасына халықтан көп сұрақтар болған. Себебі қазу жұмыстары кеш басталды. Осы ретте аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Тлемесов, аудан әкімінің орынбасары Р. Тауасаров бүгінгі күнге көмір кенішінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты. 

25 мың тоннаға жуық көмір даярланған. Қазу жұмыстарында 3 дана экскаватор, 2 дана БелАз, 2 дана HOWO техникалары жұмылдырылған. Ендігі мәселе сол көмірді халыққа жеткізу. Осы ретте алдағы уақытта тасымалдаушылармен жиын өткізу жоспарланып отыр. Халық тарапынан қысқы маусымға даярлықты ерте басау қажет, - деп атап өтті жергілікті әкімдіктегілер.

Следующая →