Әлемнің 72 елінде маймыл шешегі анықталды
Маймыл шешегінің жылдам таралып жатқаны сонша, бүгінде әлем бойынша аурудың 10 000-нан астам жағдайы тіркелді
Әзірге Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Дегенмен ауру кез келген қазақстандық үшін қауіпті.
Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – қызу, жалпы интоксикация және экзантеманың (қызару) пайда болуымен сипатталатын сирек кездесетін жұқпалы ауру.
Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер). Инфекция жұқтырған адамның қаны немесе оның биологиялық сұйықтықтары, сондай-ақ ауру жануардың етін қолдану арқылы да пайда болуы мүмкін.
Ауру жабайы жануарлармен – приматтармен (маймыл) және кеміргіштермен (тиін) байланыстан, маймыл шешегіне шалдыққан адаммен тығыз физикалық байланыстан (вирус денеге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ дене сұйықтықтары арқылы енеді), ауа-тамшы жолымен (жабық үй-жайда науқаспен болған кезде) және тері жамылғысын зақымдау немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу арқылы жұғады, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.
Аурудың инкубациялық кезеңі 5 күннен 21 күнге дейін созылады. Адамда жоғары қызу, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуы симптомдарымен сипатталады.Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, ауруға өздігінен емделу тән.
Маймыл шешегінің ең жақын туысы – табиғи шешек 1980 жылы ДДСҰ ұйымдастырған ғаламдық вакцинация арқылы жойылды. Осы жылдан бастап шешекке қарсы вакцинация тоқтатылған. Ғалымдар шешекке қарсы вакцинаның қорғаныс әсерін дәлелдеді (АҚШ, Жапония, Еуропа және Ресейде тірі вакциналар бар (ACAM2000, LC16m8, IMVAMUNE, IMVANEX).