Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы Осинов асуының құрылысын кім қашан аяқтайды?

Айналма жолдың ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 18 шақырымындағы жұмыстар аяқталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы Осинов асуының құрылысын кім қашан аяқтайды?
Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығы АКҚ-дан

ШҚО әкімі хабарлағандай, қалған 14 шақырым жолдағы жұмысты аяқтап, көпір салу жұмыстарын жаңа компания әске асыратын болады.

Осинов асуы мәселесі мені әрдайым алаңдатады. Өкінішке қарай белгілі бір себептермен компания өз міндеттемелерін орындамады. Сондықтан қазір жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда және қыркүйек айының ортасында ол аяқталады. Үшінші тоқсанның соңында министрлік тендер жариялайды және келесі жылы жұмыстар толық тәмамдалатын болады, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл жоба Бұқтырма жағалауын абаттандыруға бағытталған ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда өте маңызды көрінеді.

Кез келген демалысты ұйымдастырудың стандарт межелі жерге бір сағатта жету болып табылады. Біз Осинов асуындағы жолды аяқтаған кезде, Бұқтырма жағалауындағы демалыс базаларына шамамен бір сағат ішінде жетуге мүмкіндік туады, - деп қосты Даниал Ахметов.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Осинов асуы Жөндеу