Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 2600 адамға құрбан еті үлестірілген

Қасиетті Құрбан айт мейрамы қарсаңынджа ҚМДБ ШҚО өкілдігі "Қайырымдылық жасайық!" атты акция жариялаған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 2600 адамға құрбан еті үлестірілген
Фото:
ШҚО "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметінен

Бұл қайырымдылық шарасының аясында барлығы 2604 адамға құрбан еті үлестірілді. Сонымен қатар, нан қатарлы азық-түлік өнімдері де қоса таратылды.

Қайырымдылық шарасына көпбалалы тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтылды.

Құрбан айт мерекесі қарсаңында біз қайырымдылық шарасын басты орынға қойып отырмыз. Көпбалалы отбасыларға және қаладағы әлеуметтік мекемелерге құрбан айтта жиналған ет таратылды. Жеке отбасылардан бөлек қарттар үйіне және балалар үйлеріне мешіт тарапынан арнайы құрбан шалынып, азық-түлік және өзге де қажетті заттардың көмегі жасалды, - дейді ШҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Берік Кәдірұлы.

Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінен құрбан шалатын орынға ақшаңқан киіз үйлер тігіліп халыққа қызмет жасалды. Айт намазынан соң мешіт алдында жамағатқа бауырсақ, палау үлестірілді. Ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды.

Өскемен қалалық әкімдігі биыл құрбан шалу орнын қоршап, барынша ретті ұйымдастырылуына аса назар аударды. «Халифа Алтай» мешіті ондағы тәртіп пен реттілікті, мал бағасының қолжетімді болуын қадағалап, құрбанды сәтті ұйымастырды, - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі.

Следующая →