Өскеменде ереуілге шыққан №262 бағыттағы шағын автобустар қазір жүріп жатыр
Таңертең ЖМК ауданынан жүретін №262 бағыттағы шағын автобус жүргізушілері соңғы аялдамада тұрып алып, жолаушыларды тасымалдаудан бас тартқанын жазған болатынбыз
Қазіргі таңда Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы мәлімдегендей, мәселе шешілді, автобустар қалыпты режімде жүріп жатыр.
Таңертең болған жағдай кәсіпорын ішіндегі жеке мәселеге байланысты туындаған болатын. Қазір келеңсіздіктер шешіліп, жұмыс қалпына келтірілді, - дейді тасымалдаушы жеке кәсіпкер Денис Кривошеев.
Тараптардың ортақ келісімге келгенін автобус жүргізушілері де мақұлдады және ЖМК ауданының тұрғындарынан келтірілген келеңсіздіктер үшін кешірім сұрады.
Автобустар сағат 13.30-дан бастап жүріп тұр.
Тасымалдаушы кәсіпкер субсидия мәселесін көтерді. Бұл сұрақты басшылыққа алдық. Қыркүйек-қазан айларында шағын автобустарға субсидия бөлу мәселесі шешім таппақ, - деді Өскемен қалалық Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығының директоры Нұрсұлтан Төлеубекұлы.