Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Талапкерлер ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыра алады

Пандемия жағдайында университетке бетпе-бет байланыссыз құжаттарды тапсырудың бірнеше тәсілдері әзірленіп, сынақтан өткен. Сондықтан да университетке тапсырушы талапкерлер өтінішті онлайн бере алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Талапкерлер ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыра алады
Фото:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен

Жоғары оқу орындарының талапкерлерді виртуалды қабылдауы ең сенімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. Өткен жылы шалғайдағы ауылдардың мыңдаған түлектерінің құжаттары қабылданды.

Биыл жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты және қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайтын болады, - деп мәлімдеді С. Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі. - Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында, сондай-ақ ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда. ЖОО-ның басшылығы қабылдау комиссиясына толық дайындығы туралы мәлімдеді.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.


Следующая →