Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде орманда жоғалған адам жолдан табылды

Кеше Риддер қаласындағы Төтенше жағдайлар бойынша басқармасына 1995 жылғы азаматтың 8 шілде күні саяхатқа шығып, белгіленген күні үйіне оралмағаны туралы хабар түскен

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддерде орманда жоғалған адам жолдан табылды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Ол Ресей Федерациясы шекарасына қарай бет алған, 10 шілде күні үйіне қайтып оралуы керек болған.

11 шілде күні КУНГ-66 жол талғамайтын көлігімен 6 құтқарушы және Риддер қалалық полиция бөлімшесінен 5 қызметкер ер адамды іздеуге шықты, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Іздеуші топ Коровиха өзені бағытымен бет алған, 20 сағат 10 минутта шамамен Риддерден 80 шақырым жолдан жоғалған азамат табылды. Ол жаяу негізгі жолмен үйіне келе жатқан екен. Медициналық және психологиялық көмек қажет болмады. Құтқарушылар ол азаматты тамақтандырып, қалаға жеткізді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жоғалған азаматтың өзінің айтуынша, саяхатқа шыққан досы екеуі таулы аймақта қонып, екі жаққа кеткен. Кездесетін орын мен уақытын келіскен. Бірақ ол белгіленген уақытқа үлгермей қалған, сол себепті қалаға жаяу қайтуға тура келген.

ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік ережелерін ескертеді:

Орманға саяхатқа шыққанда аса мұқият болу қажет. Қауіпсіз бағыт таңдап, қайда екеніңізді және қашан оралатыныңызды жақындарыңызға айтып отырыңыз. Телефоныңызды қуаттап, жергілікті жердің картасы, дәрі-дәрмек алуды ұмытпаңыз.

Төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Следующая →