Міндетті медициналық тексеру нәтижесінде ШҚО тұрғындарының қаншасы жұмысқа жарамсыз екені анықталды
2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында барлығы 32 543, соның ішінде 9 791 әйел адам кезеңдік медициналық тексеруден өтуі тиіс болған
ШҚО СЭБД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қаралғаны барлығы 29 104 жұмысшы немесе 85,5%. Соның ішінде 8 712 әйел адам немесе 88,9%-ы медициналық тексерістен өткен.
Кезеңдік медициналық тексерулер кезінде келесілер анықталды:
- Соматикалық аурулармен 3379 немесе 11,6%.
- Зиянды немесе қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істеуге кәсіби жарамдылар саны –19 177 немесе 65%;
Зиянды немесе қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істеуге уақытша кәсіби жарамсыздар саны – 130 немесе 0,44%;
Зиянды немесе қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істеуге тұрақты кәсіби жарамсыздар саны – 77 немесе 0,26%;
Кәсіби аурушаңдыққа немесе интоксикацияға күдіктілер – 36 жұмысшы немесе 0,12%;
Амбулаториялық зерттеуді және емді қажет ететіндер саны – 1820 немесе 6,2%;
Ауруханалық зерттеу мен емді қажет ететіндер саны – 175 немесе 0,6%;
Санаторлық-курорттық емделуді қажет ететіндер саны – 959 немесе 3,2%;
Диспансерлік бақылауды қажет ететіндер саны – 549 немесе 1,8 %.
Ағымдағы жылы міндетті медициналық тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесінің негізгі ережелері, міндетті медициналық тексерулерді жүргізу ережелері бойынша ЕПМ-де оқыту семинарларын өткізу бойынша жұмыс жүргізілді, 6 оқыту семинары өткізілді.