Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан-Өскемен бағытында күнделікті жолаушы тасымалдайтын автобус табылмай отыр

Зайсан ауданы әкімдігі бұл бағыттағы автобус ертеңнен бастап жолаушыларды күнделікті тасымалдайтынын мәлімдеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан-Өскемен бағытында күнделікті жолаушы тасымалдайтын автобус табылмай отыр
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Зайсан-Өскемен бағытындағы автобус бір күн сайын жүріп отыр. Өйткені автобус саны жеткіліксіз.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап Зайсан – Өскемен, Өскемен – Зайсан бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын автобус күнделікті жүретін болады, - деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігі өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. - Зайсаннан сағат 19.00-де, Өскеменнен сағат 18.30-да шығады. Билет бағасы: 3900 теңге.

Алайда аудандағы автобекетке хабарласып едік, әзірге күнделікті тасымалдайтын автобус жоқ екенін және билет құны да нақты бекітілмегенін айтып отыр.

Негізі Зайсан - Өскемен бағытында автобус күнделікті жүріп отыруы керек, - деді автобекет қызметкері. - Алайда тасымалдаушы жеке кәсіпкердің жеті автобусынан екеуі қана қалды. Сол себепті күн аралатып тасымалдауға мәжбүрміз. Ал аудан әкімдігі ақпарат жариялап қойғанымен, нақты тасымалдаушы табылған жоқ. Автобусы бар жеке кәсіпкерлер бұл бағаға келіспей отыр.


Следующая →