Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК ШҚ филиалының деректері бойынша 12 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жететін жел тұрады. Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

12 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с жететін жел болады. Семей қаласында да солтүстіктен, солтүстік-шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады.

ШҚО ТЖД найзағай кезінде мүмкіндігінше  үйде  болып, терезелерді тығыз жауып, электр құралдарын электр тоқ көздерінен ажырату қажеттігін ескертеді.

Егер сіз көшеде болсаңыз, биік жерлерде, металл қоршауларда, электр беру желілерінің тіректерінде, жарнама тақталарында, автобус аялдамаларында, ағаштардың астында тұрмаңыз. Машинаны гаражға қойыңыз, гараж болмаған кезде машинаны ағаштардан, сондай-ақ әлсіз нығайтылған құрылымдардан алыс қою керек, - деп ексертеді ШҚО ТЖД.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Следующая →