Курчтов қаласында 2 күн құбыр суын ішуге болмайды
"Курчатов Водоканал" мекемесі қаладағы су құбырларына дезинфекция жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Курчтов қаласында 2 күн құбыр суын ішуге болмайды Усть-Каменогорск и ВКО / Курчтов қаласында 2 күн құбыр суын ішуге болмайды](/upload/iblock/a84/ibopn9kdyxa282qiwpt97n447dhrglar/imgonline_com_ua_Resize_L7xnHKARNaDRlaKc.jpg)
Халыққа хлормен уланып қалмас үшін алдын ала су қорын дайындап алу керектігі ескертіледі.
Курчатов қаласының су құбыры желілеріне 13.07.2022 жылы сағат 9.00-ден бастап дезинфекция жүргізіледі, - деп хабарлады "Курчатов Водоканал" ШЖҚ МКК әкімшілігі. - 13 шілдеден бастап 15 шілдеге дейін құбыр суын пайдалануға болмайтындықтан, алдын ала ауыз су дайындап алу қажет.
Су 16 шілде күні сағат 10.00-ден бастап беріледі, пайдаланар алдында 15 минут бойы ағызып қою керек.