Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Арапа күні қандай күн?

Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек

Бүгін Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың Зұлхижжа айының 8-ші жұлдызы. Хадистерде Зұлхижжа айының алғашқы 10 күнінде орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген. 

Арапа – ислам дініндегі қадір-қасиеті мол күндердің бірі. Білу, түсіну деген мағынаны білдіреді. 

Бұл күннің "арапа" аталуының себебі, Зүл-хиджа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбар түсінде құрбандыққа баласы Исмайылды шалып жатқанын көреді. Алғашқыда оны жай түс деп ойлайды. Алайда ертесіне, яғни, Зүл-хиджа айының 9-ы күні сол түсті тағы көреді. Осыдан кейін оның Алладан келген аян екенін біледі. Осы себепті бұл күнді "Арапа" деп атап кеткен деседі. 

Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған кісілер түс ауғаннан кейін ертеңгі (айт күні) таң намазына дейінгі аралықта Арафат тауына бір мезет тұрақтайды. 

Арафат – Аллаға жалбарынып, күнәларына тәубе ету үшін пенделердің жиналатын мекені. Сол жерде адамдар әлсіз, мұқтаж күйде Алланың алдында күнәларының кешірілуін үмітпен тілейді. Көзден жас төгіліп, тәубе етіліп, Жаратушыға шын жүректен жалбарынады. Сөйтіп Алла Тағала сол құлдарының тәубесін қабыл етіп, өмір дәптерлерінде тап-таза беттер ашылады. Арапа күні Алладан көбірек кешірім тілеп, біліп және білмей жасаған күнә-қателіктер үшін тәубе етудің маңызы зор. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: "Арапа күнін құрметтеңдер. Өйткені Арапа – Алла қадірлі еткен күн" деген. 

Сондықтан бұл күні жетім-жесірлерге, кедейлерге қол ұшын созып, ауру-сырқаудың көңілін сұрап, ағайын-туыс, көршілермен қарым-қатынас жасап, мол сауапқа кенелуге болады. 

Арапа күні жасалатын ең ізгі амалдардың бірі – ораза ұстау.

Бұл күні қажылыққа бармаған адамның ораза ұстап, нәпіл намаздар оқып, Алладан дұға тілеуінің сауабы өте мол. Әсіресе, Арапа күні ораза ұстау мұстахап амал (сүннет) саналады. Хадистерде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін", – деген.

Осыдан-ақ бұл оразаның артықшылығын көруге болады. Яғни, жылына бір рет келетін Арапа күнін оразамен өткізу – Алла Тағаланың кешіріміне бөленуге берілген мүмкіндік. 

"Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан (яғни алғашқы адамнан) қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады", - дейді Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.).

Следующая →