О. Бөкей кітапханасында сананы серпілтетін кеш өтті
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада алғаш рет "IQ - санаңды серпілт" атты кездесу кеші ұйымдастырылды
Кеш барысында кітапхана қызметкерлері кездесуге келген жастар мен балаларды әр бөлімнің жұмысымен жеке-жеке таныстырып шықты. Айта кетейік, мұнда 10 үйірме жұмыс істеп тұр.
Атап айтсақ, "Балалар алаңы", "Әдеби дастархан", "Шах және Мат", "Тоғызқұмалақ", "Board-games party", "VR-Oskemen" локация, "VR-сурет", "3D - үлгілеу", "Бу-Магия", Библио – дәмхана.
"Балалар алаңы" бөлімінде келген жас отбасылардың балалары үшін түрлі шаралар ұсынылды. Мысалы Сенсорлы үстелдегі дамыту ойындары, LEGO құрылымдарын құрастыру, Роботехника, Бүлдіршіндерге арналған бұрыш, 3D-қаламмен сурет салу және түрлі шеберлік сыныптары.
"Әдеби дастарханда" мотивациялық еңбектерден бастап, түрлі көркем-әдеби, спорт, бизнес және өзге де салаға қатысты тақырыптар бар.
Шара барысында жастар өлең оқып, жеті аталарын жатқа айтып бақ сынасты. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Кешіміздің қонағы болып қала әкімі Жақсылық Омар да құттықтап қайтты. Осы орайда қаламыздың ең жас жазушы Дарья Цой өзінің "На перекрестке миров" атты кітабының әкімге тарту етті.
Бүгінгі шара жоғары деңгейде өтті. Кітапханада жастарға жағдай барынша жасалғанына көзіміз жетті. Енді үнемі келіп отыратын боламын. Барлығы тегін екен. Баламды жиі әкелуге тырысамын, - дейді қала тұрғыны Әсел Мұратқызы.
Ерекше бір айта кетерлігі, шараға жиналған жастардың қарасы мол. Барлығы шетінен шешен сөйлеп, әуелетіп әнге басты.