ШҚО-да коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын әкімшілік жазаға тартылады
Осы қызмет бойынша кәсіпорынның тұтынушылары болып табылатын бюджеттік ұйымдарға 500 000 мың теңгеден астам залал келтірілген
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлан ауданы әкімдігінің "Молодежный" КМК 2020 жылғы сәуірде бюджеттік ұйымдарға жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау бойынша қызметтер Департамент бекітпеген тарифтер бойынша ұсынылғанын анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамыр айында кәсіпорын келтірілген залалды толық өтеген. "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.
Осы Заңға байланысты, Ұлан ауданы әкімдігінің "Молодежный" КМК жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтерінің тарифін көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпорынға қатысты "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"кодекстің 164-бабының бесінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сондай-ақ, "Молодежный" КМК жалпы сомасы 52 710 айыппұл төлеуге міндетті.