Ертең ШҚО-да найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 06 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі
Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең 06 шілдеде Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Семей қаласында түнде және таңертең 06 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с, - деп мәлімдеді "Қазгидромет" ШҚ филиалы.
Абай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.