Өскемен
пасмурно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
475.39
+2.82
513.37
+5.03
¥
65.39
+0.42
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚТУ-да жазғы инженерлік мектеп ашылды

Бүгін "Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың EKTU Educational Academy" жазғы инженерлік мектебі ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚТУ-да жазғы инженерлік мектеп ашылды
Фото:
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ баспасөз қызметінен

Бұл жоба аясында университет аймақ оқушыларының физика, математика, информатика пәндерін терең зерделеуін қамтамасыз етеді. Университеттік бағдарламалар сабақтастығы үшін жекелеген мектеп пәндерінің пәнаралық интеграциясы негізінде білім беру ортасы құрылып, оқушыларға тұжырымдамалық инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтарға бағытталған білім мен дағдыларды алуға және болашақ мамандықты таңдауға мүмкіндік ашылады.


Жоба ШҚО Білім басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Басқарма басшысы Сайрангүл Жұмаділова болашақ техникалық мамандарды тәрбиелеуге қызығушылық танытуда.


Жазғы инженерлік мектеп "Простор" экспедициялық кампусында, Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан. 100-ден астам оқушы өз білімдерін кеңейтіп қана қоймай, жаңа оқу жылы басталар алдында демалып, күш-қуат жинап қайтады.

imgonline-com-ua-Resize-WP61SOLvbe.jpg


Жоспар бойынша 3 маусым өткізуді көзделген. Олар:


1-маусым 04.07.2022-15.07.2022 ж.

2-маусым 18.07.2022-29.07.2022 ж.

3-маусым 22.08.2022 - 26.08.2022 ж.


"EKTU Educational Academ" - ауқымды әрі көп қырлы жоба. Жұмыс оқушылармен де, облыс мектептерінің мұғалімдерімен де жүргізіледі. ШҚТУ базасында желілік инженерлік мектеп ашылған сәттен бастап 200-ге жуық педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Негізгі инженерлік дайындық факультетінің құрамында жұмыс істеді. Оларға әдістемелік көмек көрсетілді.

Следующая →