Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөз гарнизонының сарбаздары Домбыра күнін атап өтті

Аягөз гарнизонындағы танкистер құрамасының әскери қызметшілері ұлттық руханиятты дәріптейтін мерекеде күй тартып, әсем әндер шырқады

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөз гарнизонының сарбаздары Домбыра күнін атап өтті
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Осындай тағылымы мол мерекелік іс-шара жас сарбаздардың рухын көтеріп, жоғары көңіл-күй сыйлайтыны анық.

Халқымыздың жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбырамызды өскелең ұрпаққа дәріптеуге бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берер пайдасы мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда да бұл күннің алар орны ерекше болмақ.

Бүгінгі мереке тек домбыра тартып, ән айтатындардың мейрамы емес. "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" демекші, барша қазақ елінің мерекесі деп ойлаймын. Осындай айтулы мейрамның әскери бөлімде де тойланып жатқанына тек қуаныштымын, – деді әскери бөлімдегі өнерлі өрендердің бірі қатардағы жауынгер Жанасыл Есболатұлы.

Сонау көне тарихтың күмбірін бүгінгі күнге жеткізген киелі де қасиетті ұлттық аспабымызды өркениетті заманға сай жаңғырта білсек, келешек жастарға ұлттық тәрбие беретін өнеге бастауы әрі рухани қазынасы болары шындық.

Следующая →