Катонқарағайда өткен халықаралық айтыстың бас жүлдесі Зайсан ауданына бұйырды
1 шілде күні алаштың ата жұрты төр Алтайдың баурайындағы Катонқарағай ауданында "Алтайдай жер қайда?!" атты халықаралық айтыс өтті
Еліміздің дүлдүлдерімен қатар бұл сөз додасына Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстаннан ақындар келді.
Айтыстың жалпы жүлде қоры 20 млн теңгені құрады. Нәтижесінде, бірінші орынды қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов қанжығаласа, екінші орынды Еркебұлан Қайназаров пен Рүстем Қайыртайұлы бөлісті. Қазірет Бердіхан мен өзбекстандық ақын Талғат Орынбеков үшінші орын алды.
Ал бас жүлде – 5 млн теңге Зайсан қаласынан келген ақын Ардабек Ақбабаға бұйырды.