Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өсімдік шаруашылығы қарқынды дамуда

АӨК саласында 34 инвестициялық жоба асырылмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да өсімдік шаруашылығы қарқынды дамуда
Фото:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.

Сапар барысында министр облыс аумағындағы өсімдік шаруашылығының даму барысымен танысты. Глубокое ауданы Солнечное кентіндегі "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС қызметімен танысып, оқу орталығын, 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын, серіктестіктің селекциялық жетістіктер көрмесін, кәсіпорын қызметкерлері үшін салынып жатқан тұрғын үй кешенін аралады.

Сонымен қатар, Ербол Қарашөкеев Глубокое ауданындағы "ОХМК" ЖШС-да облыстың ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілермен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің АӨК мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

Министр аграршылармен сұхбат барысында өңірде көктемгі дала жұмыстары жоспарланған мерзімде сәтті аяқталғанын айтып, "Кең дала" бағдарламасы шеңберінде форвардтық сатып алу және жеңілдетілген кредит көлемі ұлғайтылғанын атап өтті. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен бірлесіп субсидиялаудың жаңа тетігін әзірлеуде.

Сондай-ақ, Ербол Шырақпайұлы Алтай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге, сатуға және сақтауға мамандандырылған "Луч" алдыңғы қатарлы шаруа қожалығына барды.

Алтай ауданындағы өсімдік шаруашылығының үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 81% тиесілі. 2022 жылы егіс алқабы 75,4 мың га құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 1,2 мың га артық.

Шығыс Қазақстан облысында 2022-2024 жылдар кезеңінде АӨК саласында 34 инвестициялық жоба, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жоспарланған, - деп атап өтті министр Ербол Қарашөкеев.

Бұдан бөлек Ербол Шырақпайұлы ҚР агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға ағымдағы жылы 310 млрд теңгеден астам субсидия қарастырылғанын, оның ішінде өсімдік шаруашылығына - 80 млрд теңге, мал шаруашылығына - 100 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге - 8,4 млрд теңге, қаржы құралдарына - 120,4 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Жалпы, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін агробизнес субъектілерін қаржыландыруға қосымша 298,1 млрд теңге бөлінгенін, оның ішінде саланы субсидиялауға 139 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған.

Следующая →