ШҚО-дағы көлдер мен шомылуға арналған су қоймаларынан сынама алынды
Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазда қала сыртында орналасқан суға түсу және демалу орындары ретінде пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасын анықтау үшін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын іріктей отырып мониторинг жүргізеді
Үржар ауданынан Алакөл көлі, Катонқарағай, Алтай аудандарынан Бұқтырма су қоймасы, Ұлан ауданының су объектілерінен (Сібе көлдері (1-ші көл, Қоржынкөл, Шалқар, Төртқара өзендері), Шыбындыкөл көлі, Бұқтырма су қоймасы) алынған су сынамаларын, сондай-ақ демалыс орындарының жағалауынан алынған топырақ сынамаларын зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша микробиологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған жоқ, - деп мәлімдеді ШҚО СЭБД баспасөз қызметі.
Санитариялық-гигиеналық мониторинг жоспарына сәйкес шомылу орындарындағы су айдындарының суы зерттелді. Микробиологиялық көрсеткіштерге – 36 сынама, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге – 36, паразитологиялық көрсеткіштерге – 36, сондай-ақ шомылу орындарынан микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге – 22 топырақ сынамасы. Су мен топырақтың зерттелген үлгілері гигиеналық стандарттарға сәйкес келеді.
Департамент ашық су қоймаларындағы сулар лептоспироз, вирусты гепатит, ротовирустық инфекциялар, гельминтоз сияқты ауруларды жұқтыруға себепші болатынын ескертеді. Ауру қоздырғыштар суға науқастар және жануарлар арқылы келуі мүмкін.
Сондықтан, су қоймасы суларының сапасын бақылау жүзеге асырылатын халықтың жаппай шомылатын ресми орындарында ғана суға түсу қажет.
Ашық су қоймаларында шомылғаннан кейін жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтау керек. Атап айтқанда, шомылғаннан кейін бірден душ қабылдау, ешбір жағдайда су қоймаларынан су ішпеу, ауызсу үшін бөтелкедегі суды пайдалану және ашық су қоймаларында жемістер мен көкөністерді жууға болмайды, - деп ескертеді мамандар.
Суға тусуге арналмаған жерлерде шомылуға және демалуға бару арқылы сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіруіңіз мүмкін.
Су қоймасы мен жағалау аймағын ластауға тыйым салынады. Су қоймалары жағалауының тиісті санитарлық жағдайы ең алдымен сіз бен бізге байланысты.
Сондай-ақ, су қоймасында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге назар аударыңыз.