Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Прокуратура кәсіпкерлердің құқығын қорғауда

ШҚО прокуратурасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бюджеттік гранттар ұсыну кезінде туындайтын кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін қарады

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне қатысты бизнесті 30-дан астам заңсыз тексеруді бұзып, 5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

ШҚО прокуратурасында облыс прокуроры Алмат Мұратұлы Байшолақовтың төрағалығымен Эксперттік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, ШҚО кәсіпкерлік басқармасының, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, бизнес-қауымдастықтардың және т. б. өкілдері қатысты. 

Күн тәртібінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бюджеттік гранттар ұсыну кезінде туындайтын кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды. 

Уәкілетті органның жұмысында 2020-2021 жылдары гранттарды бөлу кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктер (шарттарды уақтылы жасамау, гранттар сомасының азаюы, конкурсқа өтінімдерді қабылдамау және т.б.) анықталды.Сондай-ақ, бизнес омбудсменмен кездесуде кәсіпкерлердің жұмыскерлерге экологиялық төлемдерді төлеу бойынша проблемалық мәселелері, кредиттік серіктестіктердің «Ертіс ӘКК» АҚ алдындағы берешегін өтеу мәселелері қаралды, - деп атап өтті ШҚО Прокуратурасының баспасөз хатшысы Роза Бағланқызы.

Аталмыш мәселелерді талдау және талқылау нәтижелері бойынша кеңеске қатысушылар айтылған проблемалар мен жағдайды түзету үшін бірқатар ұсынымдар айтылды. Тараптар салалық министрліктер мен Бас прокуратура алдында ұсыныстарға бастамашылық ету туралы келісімге келді.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры жұмыс тобының мүшелеріне нақты міндеттер қойып, одан әрі бірлескен жұмыс жөнінде ұсыныстар берді.

Следующая →