Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктер тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлымен кездесті

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада қала тұрғындары тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктер тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлымен кездесті
Фото:
О. Бөкей ат. кітапхананың баспасөз қызметі ұсынды

Тұрсынхан Зәкенұлы парсы, қытай, шағатай, өзбек, монғол тілдерін жетік меңгерген. Жиналған жұртқа өзінің қытай тілінен аударған "Қазақтың жалпы тарихы" атты 4 томдық кітабы, 200-ге жуық ғылыми-зерттеу еңбектері туралы айтып берді.

Кездесуге келген қонақтар тарихшымен еркін сұхбат құрып, жылы лебіздерін арнады. Түркі тарихын тағдырына тұмар еткен ғалымның еңбегін оқырман қауым жоғары бағалады.

"Көк бөрілердің көз жасы", "Мәңгітас", "Аттила. Балқан тауға барғандар" өзінің тарихи - көркем шығармалары туралы әңгімесін төгілткенде бағзыдан жеткен «көк бөрі – бабаларымызды" көріп, дауысын естігендей әсер алдық, - дейді жиналғандар.

Шара барысында Өскемен қаласының мәдениет бөлімінің басшысы қонаққа құрмет көрсетіп, шапан жапты.

Жазушы қытай тілінен өзі аударған "Қазақтың жалпы тарихы" атты төрт томдық кітабын кітапханаға тарту етті. Тарихи тағлым тұнған жүздесу соңында көпшілік "Көк тудың желбірегені" әнін ерекше рухпен әуелете шырқады.

Следующая →