Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі НЗМ оқушылар үшін шығыс өңірі бойынша экспедиция ұйымдастырды

"Туған елге тағзым – 2022" ғылыми-өлкетану экспедициясы - Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына ұмытылмас естеліктер сыйлады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі НЗМ оқушылар үшін шығыс өңірі бойынша экспедиция ұйымдастырды
Фото:
Өскемен қалалық НЗМ баспасөз қызметінен

Назарбаев Зияткерлік мектебі жазғы демалысқа шыққан оқушыларға киелі шығыс өңірін шарлап, кереметтерін көрсетуге арналған экспедиция ұйымдастырды.

Бұндай мүмкіндік жыл қорытындысында үздік деп танылған "Мұзтау" шаңырағының 48 оқушысына бұйырыпты.

Экспедиция Семей өңіріндегі киелі нысандардың бірі - Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайынан бастау алды.

Бұдан соң, саяхаттанушы топ "Ақ-Бауыр" қола дәуірінің ескерткішіне аттанды. Олардың жолдары болып, нағыз археолог мамандар қазба жұмыстарын қалай жасайтынын өз көздерімен көрді.

Ежелгі астрономиялық зертхана қалдықтарынан әлі күнге дейін ғылыми жаңалықтар ашылып жатқандығы таң қалдырады. Археологтардың жұмыстарын бақылау біз үшін өте қызықты болды, - дейді 9-шы сынып оқушысы Әмина Мұқаметхан.

Үшінші күнгі бағыт - қаламыздағы ең ерекше мұражайлардың бірі Шығыс Қазақстан облыстық сәулет этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы. Оқушылардың сүйікті жазушысы Оралхан Бөкей мен батыр баба Қасым Қайсеновтің қолданған заттары мен киген киімдері үлкен қызығушылық тудырды.

Grand fish және "Агрофирма "Интерпоиск" шаруашылықтары жасөспірімдердің биология пәнінен білімдерін тереңдете түсті. Форель балығы мен қызыл Калифорниялық құрттарды өсірудің мақсаты мен пайдасы жайлы қызметкерлер тәжірибеде көрсете жүріп, баяндап берді. Ал моторлы салмен өзендегі серуен – ыстық күні салқындық пен сергектік сыйлады.

Экспедиция Александр Пушкин атындағы кітапхана мен ашық аспан астындағы мұражай қорыққа барумен аяқталды.

Экспедицияның әр күні оқушыларға жаңалық ашты, жарқын естелік мен керемет әсер сыйлады. Аймағымыздың мәдени мұрасы жайлы білді, дүниетанымдарын кеңейтті, тарих, география, биология пәндерінен білімдерін жетілдірді, - дейді жетекшілердің бірі, ағылшын тілі мұғалімі Азиза Бекбаева.



Фото:
Өскемен қалалық НЗМ баспасөз қызметінен
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО НЗМ Экспедиция