Қауіпсіздік шараларын сақтамағандарды "Су перісі" жазалады
ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік шараларын бұзатын демалушылармен күресу үшін акция өткізді
Акцияны өткізу үшін су айдынында суға шомылуға тыйым салынған жер – КМК жағажайы таңдалды. Тура осы жағажай қауіпсіздік шараларына сай келмейді, түбі терең және сүңгуірлер оны тексермеген. Бұл жерде бірнеше рет қайғылы оқиғалар болды. Өңір құтқарушыларының міндеті - демалушылардың өлімінің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтауға назарын аударту.
Су жағасында спирттік ішімдік ішіп, мас күйінде алысқа жүзіп кеткендерді ертегі кейіпкері "Су перісі" торға орап, жағажайға сүйреп шығарады.
Акция идеясы ШҚО ТЖД қызметкерлерінде тектен-тек туындаған жоқ. Мақсат - демалушылардың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату мен азаматтардың назарын суға бату жағдайлары жиілегеніне аударту , - деп атап өтті ШҚО ТЖД.
Статистикаға сүйенсек, Шығыс Қазақстанда 2022 жылғы суға шомылу маусымы басталғаннан бері 10 азамат суға кетті, оның ішінде біреуі бала.
Екі соңғы жағдай 24 маусымда Үржар ауданындағы Алакөл көлінде орын алды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД. - 1999 жылғы ер бала жабдықталмаған жердее суға шомылып жүргенде жазатайым оқиға орын алды. Ол жағалаудан аса ұзап жүзіп кетіп, кері қайта алмай қалған. Бұл күні көлде қатты дауыл болған еді, толқын оның денесін жағаға шығарып тастады. Келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның өлгенін дәлелдеді. Осы күні Күршім ауданында Күршім өзенінде рұқсат етілмеген жерде суға шомылған ер адам суға кетті. Оның денесін құтқарушылар алып шықты.
Осы барлық жан түршігерлік мысалдар, азаматтардың құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ аспай, қауіпті жерлерге суға шомылатынын көрсетеді.
Көбінесе адамдар еш қорқынышты ойламай, өз өмірлерін қатерге тігіп, суға түсуге барады. ШҚО ТЖД мамандары демалушылардан тыйым салу белгілеріне немқұрайлы қарамауға, демалған кезде өңірімізде бар 16 рұқсат етілген жерге басты назар аударуларын сұрайды.
Суға шомылуға қауіпті жерлерді құтқарушылар жазғы маусым бойы патрульдейді. Қазіргі уақытта полиция мен еріктілердің қатысуымен ШҚО ТЖД 1391 профилактикалық рейд жүргізді.
Рейд нәтижесі бойынша "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 440-бабы бойынша 93 адам және 364-бабы бойынша 60 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.