Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі кондукторлаға неге онлайн төлем ұнамайды?

Өскемен қаласындағы кейбір автобус кондукторлары соңғы кезде онлайн төлем жүйесін, яғни, QR-кодтарды алып тастаймыз дегенді айтып жүр. Бұл қаншалықты рас?

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі кондукторлаға неге онлайн төлем ұнамайды?
Фото:
редакция мұрағатынан

Технология дамыған мына заманда Өскемен қаласындағы қоғамдық көлікте жол ақысын картамен немесе онлайн төлеу әлі де жыр болып келеді. Еліміздегі басқа қалалар өркениеттің бұл игілігіне бой үйреткелі қашан. Бұл қалалардағы халық автобусқа кірген бойда бірден есепайырысады. Ал біздегілер бірден орын іздей жөнеледі. Төрге барып жайғасқан соң ғана жанына жеткен кондукторға картасын береді немесе ұялы телефонын алып төлем жасауға енді қамдана бастайды. Не дегенмен уақыт өте келе біз де үйренерміз. Өйткені 2 шілдеден бастап қоғамдық көлікте жол жүру үшін сараланған тариф енгізу жоспарлануда. Яғни, көлік карталарының көмегімен қолма-қол ақшасыз есеп айы-рысу бойынша, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы QR-код бойынша жол жүру ақысын төлеу "Kaspi.kz" және "Менің Beeline" автобустарда және шағын автобустарда 90 теңге, трамвайларда 80 теңге қалады.

Қолм -қол ақшамен төлеу кезінде жол жүру құны жалпы тариф бойынша - 130 теңгені, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін-65 теңгені құрайды, - деп кезекті рет ексертеді Өскемен қаласының жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы. - Көлік картасымен төлеу кезінде азаматтардың барлық жеңілдікті санаттары үшін жол жүру шарттары өзгеріссіз қалады. Электрондық жол жүру құжаты болмаған жағдайда, төлем жалпы тариф бойынша - 130 теңге (7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардан басқа) қолма-қол ақша үшін алынатын болады.

Осы орайда айта кеткен жөн, соңғы кезде Ахмер ауылына апаратын №55 бағыттағы автобус кондукторлары онлайн төлем қабылдауға қарсылықтарын білдіріп жүр.

Жақында автобустағы онлайн төлем жасайтын QR-кодтарды алдырып тастаймыз. Бізге қажеті жоқ, тиімсіз. Жақын күндері тек қолма-қол төлейтін боласыздар, - деді кондуктор жолаушыларға.

Мұны мен өз құлағыммен естідім. Жолаушылар да кондукторлар тарапынан осындай мәлім-демені бірнеше естіп жүргендерін айтады. Осы мәселеге қатысты Өскемен қаласының жолаушылар тасымалдауды басқару орталығына сауал жолдаған едік.

СМС және QR-код арқылы "Мой Beeline" және Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы онлайн төлемнен бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп мәлімдеді орталық директоры Нұрсұлтан Қарибеков. - Транзакциялар арқылы алынған қаражат толықтай қалалық маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылардың банктік шоттарына аударылады.

Жалпы шаһарда қоғамдық көліктер қатынайтын 52 бағыт бар болса, оның 37-сі автобустық маршруттар. 12 бағыт бойынша шағын автобустар жүреді, ал трамвай 3 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Орталық ұсынған ақпаратқа сүйенсек, кестеге сай қалалық маршруттарға күн сайын 355 көлік шығуы тиіс: 264 автобус, 74 шағын автобус, 17 трамвай.

Ал жақында Өскемен қаласының әкімі жолдары жөнделіп жатқан Ахмер ауылына тағы бір бағыт енгізілетінін айтқан еді. Алайда орталық бұған қатысты ешқандай ақпарат бермеді.


Следующая →