ШҚО санитарлары суға шомылу кезінде түрлі ауру жұқтыру қаупі бар екенін ескертеді
Шығыс Қазақстан облысында су объектілерінде бұқаралық демалыс, туризм және спорт үшін Алтай ауданы, Үржар, Ұлан, Көкпекті, Катонқарағай, Бородулиха аудандары мен Өскемен қаласының аумағы белгіленді
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ашық су қоймаларындағы сулар лептоспироз, вирусты гепатит, ротовирустық инфекциялар, гельминтоз сияқты ауруларды жұқтыруға себепші болатынын ескертеді.
Ауру қоздырғыштар суға науқастар және жануарлар арқылы келуі мүмкін. Сондықтан, су қоймасы суларының сапасын бақылау жүзеге асырылатын халықтың жаппай шомылатын ресми орындарында ғана суға түсу қажет. Су айдындарындағы судың сапасы судың құрамы мен қасиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптарды көздейтін санитариялық қағидалар шеңберінде бақыланады. «Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының» 40-тармағына сәйкес жағажайлар жергілікті атқарушы органмен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдармен жарақтандырылады, - деп мәлімдеді ШҚО СЭБД.