Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайлық өнерпаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылының тумасы, жас өнерпаз, Ерболовтар әншілер әулетінің кенжесі - Мирас Ерболов 11-і мен 12-ші маусым күндері Алматы қаласында өткен "Karaoke cup Kazakhstan" ән байқауына қатысып, Қазақстанның 20 ірі қаласынан шыққан 40 қатысушының арасынан суырылып шығып 1-ші орынды иеленген

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағайлық өнерпаз республикалық байқауда жеңімпаз атанды
Фото:
автор ұсынды

Байқаудың бас жүлдесі - Норвегия астанасы Осло қаласындағы Караоке Әлем чемпионатына қатысу мәртебесін ұтып, жолдама алды.

Айта кету керек, бұл байқауға Мирас, мамыр айында Өскемен қаласында өткен, аймақтық іріктеуден 13 қатысушының арасынан суырылып шығып, Алматыға Grand finalga жолдама алған еді. Байқауда The Police тобының "Every breath you take" және Joe Cocker- дің "My father's son" хиттерін орындап, әсем әуенмен тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырған. Сондай-ақ осы байқауға аудан әкімі Ділдар Қалиқан талапты әншіге қаржылай колдау білдірген.

Мирас аудан тұрғындарын өнермен сусындатумен қатар, жас ұрпақты тәрбиелеуде айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп жүрген жас, өнерлі, әрі білікті маман. Көкіргенінде нұр, жүрегіндегі сәулесі бар, көпшілік құрметіне бөленген өнерпазымыздың алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпазы атанып, үлкен-үлкен табыстарға жететініне сенімім зор, - дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан.

Следующая →