Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақылдының анасы: "Ақпан айынан бері өміріміз астаң-кестең болды"

Тақылдап тақпақ айтып, бұрала билеп, белсенді жүгіріп жүрген 7 жастағы өскемендік Ақылды аяқ асты ауруға шалдығып, төсекке таңылды. Өздігінен жүріп-тұруды былай қойып, сөйлеуден қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Ақылдының анасы: "Ақпан айынан бері өміріміз астаң-кестең болды"

Астаналық дәрігерлер Ақылды Талғатқызына "аутоимунды энцефалит" диагнозын қойған. Бұл дегеніміз – сирек кездесетін дерт. Ақылдының анасы Гүлмайсаға астаналық дәрігерлер түсіндіргендей, қанда қызылшаның антиденелері сақталған, сол миға шауып тұрған көрінеді. Қызылшаның антиденелері мишықтағы сұр затты зақымдап, сәйкесінше сөйлеу, қимыл-қозғалысына әсер етіп тұр.

25 ақпан, жұма күні аурудың бірінші белгісі байқалды. Балам қолын жууға шығып кеткен, - деп еске алады Гүлмайса Түнғатова. - Жылағанын естіп, артынан жүгіріп шықсам, құлап қалыпты. Сол күні бақылағанымызда балам ары-бері соғылып, құлай берді. Дүйсенбі күні Ана мен бала орталығына апарып едік, бірден ауруханаға жатқызды. Ауруханаға өз аяғымен барды, тек артқа шалқалақтай берді. Ауруханада жатқан 15 күн ішінде Ақылдының жағдайы нашарлай берді, мойнын артқа қарай лақтырып, шалқайып жүре бастады. Одан кейін менің көмегімсіз мүлдем жүре алмай қалды, тілі де күрмеле бастады. Ана мен бала орталығында «тұқым қуалайтын мишықтық атаксия» диагнозы қойылды. 16 наурызда ауруханадан шығарып, 29 сәуірге астанаға квотамен жолдама берді. Бірақ баламның жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқандықтан өзіміз астанаға ұшып барып, дереу қабыладуларын өтіндік. Астанадағы «Ана мен бала» ғылыми орталығының неврология бөлімінде квотамен тағы 15 күн ем қабылдадық. Ақылдының аяқ-қолы істемей, мүлдем сөйлемей қалды. 1 апта тексеріп қарап, 1 апта инммуноглобулин тамызып, үйімізге қайтарып жіберді. Сол кезде «аутоимунды энцефалит» диагнозын қойды. Өскеменге келгенде екі аптадан кейін қайта ауруханаға түсіп қалдық. Осылайша жағдайы оңалған жоқ: өзі шайнап тамақ іше алмайды, көз қарашығы тоқтамайды, жүріп-тұра алмай, сөйлей алмай қалды. Маусым айының аяғында тағы да оңалту жаттығуларын жасаймыз деді. Бірақ баламның жағдайы реабилитацияға да келмейді, өйткені өте әлсіз.

 imgonline-com-ua-Resize-e2eHyURshDNv.jpgimgonline-com-ua-Resize-O2OEwYWo96nP2yn.jpg

Ауруханадан шыққанда "Балам енді осылай қала ма?" деген Гүлмайсаның сөзіне дәрігерлер "симптомдық ем-дом, яғни ауруын жеңілдететін ем ғана жасай аламыз" деп жауап берген. Осыдан кейін Ақылдының ата-анасы Түркиядағы дәрігерлермен байланысқа шыққан. Шетелдік мамандар қазақстандық дәрігерлер сөндірген үмітті қайта жаққандай...

Баланың аяққа тұрып кетуіне 99% үміт бар деп отыр түрік дәрігерлері. Емдеуді "Мемориал Бахчелиэвлер" клиникасында Түркия елінің мықты неврологтарының бірі Зейнеп Селен Каралок жүргізгелі отыр. Емдеуге қажетті қаражаттың мөлшері 20 мың АҚШ доллары. Бұл қаражаттың ішіне консультациядан бастап, тексерілу, емдеу және сол клиникада болатын күндер кіреді, - дейді Гүлмайса Түнғатова.

Бұл шамамен деп болжап отырған сома. Ал баланың жағдайын бақылап тексергеннен кейін медикаменттер ауысып, интенсивті терапия қажет болып қалған жағдайда және доллар курсы өсіп кетіп жатса, ем-домға қажет сома мөлшері де артып кетері анық. Қарапайым қазақ отбасына бұнша қаражат табу қиын, сол үшін жан-жақтан көмек сұрауда.

Денсаулық сақтау департаментінен де көмек сұрадым. Алайда ешқандай қаржылай көмек көрсете алмайтындықтарын айтты. Екі апта уақыт бұрын "Қазақстан халқына" қорына да өтініш қалдырғанмын, әзірге ешкім хабарласқан жоқ. Туған-туыс, жақындар мен таныстардан көмек сұрауға мәжбүрміз. Бала үшін барын беретін, жанын беретін халықпыз ғой. Сіздерден осы балапанымыздың жағдайын жақсарту үшін өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймыз, - дейді амалы таусылған ана.

Қазіргі уақытта жиналған сома небары 800 000 теңге. Ал керегі шамамен 9 млн теңгедей. Ақылдының жақындары инстаграм әлеуметтік желісінде парақша ашып @akyldy_help, жылу жинауда. "Көп түкірсе – көл" деген, шынашақтай қыздың аяққа нық тұрып, бұрынғы қалпына қайта келуіне сіз де көмектесе аласыз. Әрине, барлығы Алланың қалауымен. Реквизиттер төменде көрсетілген. Қаржылай болмаса да ақпараттың таралуына атсалысып, қол ұшын созсаңыз екен.

Реквизиттер:

Каспий голд – 8-708-633-45-27 (Гульмайса Т.Ж.)

Eurasian bank – 5269 9400 1755 6962 (Гульмайса Т.Ж.)



Следующая →