Өскемен
облачно
-24°
  • Өскемен
    -24°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -9°
  • Орал
    -16°
  • Қарағанды
    -19°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -21°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -12°
  • Шымкент
    -4°
$
509.63
-2.53
592.34
-2.38
¥
73.19
-0.30
6.54
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"БОРЫШКЕР": ШҚО-да жол ережесін бұзған жүргізуші 1,5 миллион теңге қарызға батты

13 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / "БОРЫШКЕР": ШҚО-да жол ережесін бұзған жүргізуші 1,5 миллион теңге қарызға батты
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Аталған іс-шара жасалған құқықбұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды уақтылы орындау мақсатында өткізіледі.

Шараның алғашқы күні Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзғаны анықталды. Жүргізуші жалпы сомасы 1 600 000 теңгеге 79 әкімшілік айыппұл жинақтаған. Тәртіп бұзушының автокөлігі қарызын толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов.

Айта кетейік, "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні тәртіп сақшылары пәтерлерді және үйлерді аралап, жалпы сомасы 17 млн теңге болатын әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 2000-нан астам азаматқа ескерту жасады.

"Борышкер" жедел алдын алу шарасы 15 маусымға дейін жалғасады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ПД Борышкер