Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әңгіме, эссе, монолог жазғанды жақсы көресіз бе?

ШҚО-да "Ауыл хикаялары" тақырыбы аясында көркем шығарма жазудан Оралхан Бөкей атындағы республикалық әдеби байқау жарияланды

Усть-Каменогорск и ВКО / Әңгіме, эссе, монолог жазғанды жақсы көресіз бе?

Туған жер мен ел туралы Оралхандай толғана білсеңіз, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұйымдастырып отырған байқауға қатысып, қаламыңыздың қарымын сынап көріңіз.

Байқау мақсаты - болашақта Оралхан Бөкейше жазатын дарындарды анықтау және ынталандыру; ауылды және ел құндылықтарын дәріптеу; ауылды өркендетуге және туған жерді Оралханша сүюге үндеу; бұқараның ана тілінде сөйлеу, жазу көркемдігі мен сауаттылығы төмендеп бара жатқан қазіргі кезеңде жастарды қазақ тілін түлетуге және сөйлеу мәдениетін сақтауға шақыру; көркем әдебиет арқылы жандүниені рухани байыту; жас буынның қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді түйсініп, өз ой-пікірлерін пайымды жеткізе алуларына көркем шығарма арқылы ықпал ету.

Әдеби шығармалар 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады. Республикамыздың  барлық  аймағынан  25 - 40 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Байқау шарттарымен https://bokeylibrary.kz/kz/janalihtar/2-info/460-auyl-khikayalary.html сілтемесі бойынша өтіп танысуға болады. Толық ақпарат үшін: 87778550705, 870749498839 (вацап) - Жанат Жиенбекова; 8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64.

Кәсіби мамандардан құрылған "Қазылар алқасы" көркем шығармаларды жан-жақты бағалайды. Қазылар алқасының дауыс беруі бойынша жеті (7) жеңімпаз келесі орындар бойынша марапатталады.

Следующая →