Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады
Облыс орталығының әкімдігі "Қаражыра" АҚ-мен қатты отынды жеңілдетілген бағамен жеткізу жөнінде меморандум жасасты
Халықтың әлеуметтік осал топтарна (6,5 мың отбасына) 35 мың тонна көмір жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көмірдің 1 тоннасы әлеуметтік баға бойынша11 100 теңгеден сатылатын болады.
Қазір нарықтық құны - 11 600 теңгені құрайды.
Қала тұрғындарына әлеуметтік баға тек 1 қыркүйекке дейін сақталатынын ескертеміз, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігіндегілер.
Әлеуметтік көмір сатып алғысы келетіндер өтініммен ТҚО-ның жергілікті филиалдарына жүгіне алады.