Өрттен құтқарғаны үшін марапатталды
ШҚО ТЖД басшылығы өрт кезінде өзінің көршісін құтқарған, Ұлттық ұлан әскери қызметкері мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімін марапаттады
07 маусым күні Өскемен қаласында Высоковольтная көшесіндегі тұрғын үйді от шарпыды. Өртті, көрші тұратын сержан Ризабек Қанапиянов байқап қалды. Ол еш ойланбастан, оқиға орнына қарай жүгіріп, өртеніп жатқан үйден көмекке шақырған айқайды естіп, ішінен 1957 жылы туған, ер адамды алып шығады.
Төтенше жағдай кезінде өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан адамды құтқаруға көмекке келу-бұл нағыз жанкештілік. Ризабек өзі зардап шегуші мүмкін екендігін түсінді, бірақ соған қарамастан, ол отқа лап беріп, өз көршісін қалай құтқаруды ойлады. Ұлттық ұлан жауынгерлері осындай үлкен батылдықтарымен ерекше - деді ШҚО Төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Сондай-ақ, ол ҚР ІІМ орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарының бұйрығымен "Ұлттық ұлан үздігі" төсбелгісімен және "Шығыс"өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бұйрығымен "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төсбелгісімен марапатталды.